Сингапур. 6 наурыз. Малайзия астанасында түрлі лаңкестік топтармен байланысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.
Олар ел астанасында жүргізілген бірнеше рейд барысында қолға түскен. Құқық қорғаушылардың айтуынша, тұтқындалғандардың біреуі — жергілікті азамат және төртеуі — Йемен тумасы. Сонымен қатар Индонезия мен Шығыс Азия елінен шыққан азаматтар да бар. Олар Корольдікте лаңкестік шабуыл жасауды көздеген. Сондай-ақ. жалған төлқұжат жасап, жергілікті сепаратистік топтарға дем беріп отырған.
Дереккөз: Хабар 24