Багдад. 7 наурыз. Ирак фередальды полициясының жылдам ден қою күштері дүйсенбі күні, қала орталығында орналасқан, Мосул полициясының басқармасын және сот департаментін билік бақылауына қайтарды
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Екі кешен Мосул қаласының батыс бөлігінің орталық аудандарында орналасқан. Сонымен қоса шабуылдаушылар «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымынан электр энергетикасы басқармасын, су арығын және коммуналды қызметтерді азат етті.
Полиция деректеріне сәйкес, муниципиалдық кешендерді азат ету кезінде 135 террористің көзі жойылды.
Ирак әскерлері Мосулдың батыс бөлігіне шабуылды жалғастыруда. Қаланы ИМ террористік ұйымнан азат ету операциясы халықаралық одақ көмегімен 2016 жылдың қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Дереккөз: РИА Новости