Тикрит. 9 наурыз. Иракта той үстінде болған екі дүркін жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың саны 30 жетті, сонымен қоса 26 жарақаттанған. Бұл туралы dpa агенттігі Қауіпсіздік және денсаулық сақтау мекемелеріне сілтеме жасап хабарады.
Бұған дейін 22 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған.
Жарылыс сәрсенбі күні, 8 наурызда, Тикрит қаласынан солтүстікке 20 шақырым жерде орналасқан Хаджад (Hajjaj) ауылында болды. Қауіпсіздік қызметі сол манайды қоршап алды. Алдын ала деректерге сәйкес жарылғыш затты екі жаңкешті лаңкес іске қосқан.
Әзірше ешқай террористік ұйым бұл жарылысты өз мойынына алған жоқ.
Дереккөз; РИА Новости