Ташкент. 11 наурыз. ДАИШ террористік ұйымы идеяларын насихаттаған Өзбекстанның Гиесиддин Гиясов есімді тұрғыны 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sputnik тілшісі сот инстанциясындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауда.
Тергеу барысында белгілі болғандай, сотталушы азамат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ДАИШ ұйымын насихаттайтын материалдар жариялап келген.
Тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту кезінде құқыққорғау органы Орта Азияда халифат құруға шақыратын экстремистік мазмұндағы аудио-бейнематериалдар басылған көп көлемдегі диск таспалары мен басқа да сандық тасымалдаушы заттарды тәркіледі. Пәтерде сондай-ақ Сирияға жету жолдары көрсетілген нұсқаулық табылған. Терроризм идеясымен Гиясов Мәскеуде жүргенде қызығушылық танытқан. 2015 жылы еліне оралғаннан кейін «жиһадшылармен» байланысын жалғастыра түскен.
Дереккөз: Sputnik