Ташкент. 11 наурыз. Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген консультациялар өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
2017 жылғы 10 наурызда Ташкент каласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген консультациялар өткізілді. консультациялар Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақановтың және Өзбекстан Президентінің жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Махмудовтың төрағалығымен, министрліктердің, арнайы және құқық қорғау органдары басшылықтардың қатысуымен өтті.
Шара барысында тараптар Орталық Азиядағы кооперация және ынтымақтастық, әскери-техникалық өзара әрекеттестік, терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, заңсыз миграциямен күрес саласындағы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастық, кеден органдары арасындағы ақпарат алмасуын кеңейту және трансшекаралық су ресурстарын бірлескен қолдау жөніндегі мәселелерді қарады.
Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жөніндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды, сонын ішінде Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша.
Сонымен қатар Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов өзбек тарапын Қазақстан Республикасының 2017-2018 ж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі барысында басымдықтары және осы бағыттағы өңірлік мүдделерді жылжыту бойынша ыңтымақтастықтың маңыздылығы туралы хабарлады.
Тараптар ҚР және ӨР Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасында консультациялар өткізуді жалғастыруға келісті. Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Дереккөз: Ақорда баспасөз қызметі