Бішкек. 13 наурыз. Шу облысының ішкі істер бас басқармасының қызметкерлері Қырғызстан, Қазақстан және басқа да мемлекеттерде тыйым салынған «Хизб- ут-Тахрир» террористік ұйымның жеті мүшесін тұтқындады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының ІІМ Баспасөз қызметі хабарлайды.
«Хизб-ут-Тахрир» мүшелерінің үйлерінде тінту жіргізу кезінд экстремистік және діни әдебиет табылды. Ұсталғандардың жастары — 21-ден 40 дейін.
Аламеді аудандық ішкі істер орталығымен, ҚР ҚК 299 бапына сәйкес қозғалған қылмыстық іс шеңберінде, тінту жұмыстары куәгердің қатысуымен өтті.
Тінту барысында 1 компьютер, 3 ноутбука, 1 тыңдау аппараты, 1 планшет, 13 ұялы телефон данасы, 1 фотоаппарат, 8 флеш-карта, 78 кітап, 52 ДВД-дискі, 2 жазба дәптері, 1 блокнот, 1 парақ, 9 видео-кассета данасы, 2 ауди-кассета данасы және «Хизб ут-Тахрир» тыйым салынған діни ұйымының әдебиеті алынды.
Мекеменің айтуынша, қазіргі уақытта сот-теологиялық сараптамасы белгіленді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: Қырғызстан Республикасының ІІМ Баспасөз қызметі