Астана. 14 наурыз. Астанада 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының XIX отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.
Консультативтік-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары А. Әбдімомынов және Бас прокурор Ж. Асанов қатысты.
Отырысқа қатысушылар Елбасының «Қазақстанның киберқорғанысы» киберқауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шараларын қарастырды.
Идеологтар мен деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылардың қызметін бейтараптандыру тиімділігін арттыру жұмысының жағдайы мен қосымша шаралары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттама шешімдері пысықталды және қабылданды.