Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Трамп барлау басқармасына террористерді дронмен жоюға рұқсат берді

Вашингтон. 14 марта. АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасына (CIA) террористерді ұшқыш-роботпен атып, жоюға рұқсат берді. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды.

Бұл шешім экс-президент Барак Обаманың ұстанған бағытына қарама-қайшы келді. Себебі кезінде Обама барлаушылардың лаңкестерді дронмен атқылауына рұқсат жасамаған.

Бұрын барлау ведомствосы тек террористердің орналасқан жерлерін тауып, бұл мәліметті әскерилерге жіберетін. Артынша әскерилер террористерге соққыны өздері беріп отырды. Енді барлаушылар содырлардың отырған жерін анықтаған бойда олардың көзін бірден жоя алады.

WSJ мәліметінше, барлау басқармасы бұл шешімді іске асыруды бастап кеткен. Олар ақпан айында «Аль-Каида» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) тобының Сирия жеріндегі серкелерінің бірі Абу аль-Хейра аль-Масриді дронмен атып, көзін жойған.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *