Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бас муфти діни радикализмді алдын алу турады меморандумға қол қойды

Астана. 16 наурыз. Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол Оразбаев пен аталған бірлестіктің Президиум мүшесі Сейітжан Қойбақовты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде діни экстремизмнің көріністерін алдын алу, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі ислами құндылықтарды және рухани мирасты дамыту туралы ортақ Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумның негізгі мақсаттары мыналар:

– Діни радикализммен күрес және оның алдын алу шаралары жөнінде тәжірибе алмасу, аталған бағыт бойынша туындаған мәселелер мен сауалдарға қатысты өзара бірлескен кеңес, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қатар, көрсетілген тақырыпқа байланысты семинарлар, тренингтер мен оқыту курстарын ұйымдастыру, мамандар мен өзге ұйымдардың мүдделі тұлғаларын аталған процеске тарту, т.б.

«Бүгін қабылданған Меморандум елімізде діни радикализмді алдын алуға серпін береді деген сенімдеміз. Мақсатымыз – «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігімен осындай ортақ жұмыстарды жүзеге асыру. Бірігіп әрекет еткен жағдайда жұмысымыз нәтижелі болмақ», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *