Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: ИМ лаңкестері Сириялық Ракка аумағында бекініс құруда

Дамаск. 17 наурыз. «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының лаңкестері сириялық Ракка қаласын «әскери әрекеттер аймағы» деп атап, қала манында қорғанысқа дайын болу үшін бекіністер құруда. Бұл туралы «Аш-Шарк аль-Аусат» газеті хабарлайды.

Басылымның ақпаратына сәйкес, осыдан бірнеше күн бұрын лаңкестер, «тірі қолқан» ретінде қолдану үшін төңіректегі ауылдардың тұрғындарын жинай бастады. Лаңкестер пулемет ұясын құм толған қаппен жасырып, Раккаға кіреберісте орналастыруда. Сонымен қоса, олар танкіге қарсы шұңқыр коптеп қазып, жер асты үңгірлерді миналауда.

ИМ ұйымының «Астанасы» Сирияның солтүстігінде (Алепподан шығысқа қарай 160 шақырым жерде) Евфрат өзенінің жағасында орналасқан. Раккада шамамен 300 мыңдай адам тұрады. Лаңкестер қаланы 2013 жылы басып алған. Лаңкестер қолына өткеннен кейін қаланы үкіметтің мекемелері талай азат етпек болған, бірақ ештене шықпады. 2014 жылы сирияның әскері Ракканың шет аймағын толықтай бақылауынан шығарып алды.

Дереккөз:  РИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *