Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Террористік актілерге қатысы бар ҚР азаматы Ауғаныстаннан жеткізілді

Астана. 17 наурыз. ҰҚК қызметкерлері 15 наурызда Ауғаныстаннан 2011 жылдан бері лаңкестік актілерге дайындалған және террористік актілеріне қатысы бар күдікті ретінде халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Дамир Зналиев елге жеткізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Баспазсөз қызметі хабарлайды.

Зналиевтің Ауғаныстандағы Сари-Пуль елді мекенінде ағымдағы жылдың 21 қаңтарында қамалуы және оның Қазақстанға қайтарылуы ҰҚК-нің Ауғаныстанның Ұлттық Қауіпсіздік Бас Басқармасымен бірлесе жүзеге асырылған оны іздестіру бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.

Қазірге таңда, Зналиев тергеу изоляторына отырғызылып, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес Зналиев радикалды діни көзқарастардың ықпалымен 2011 жылы ауған-пәкістан шекаралас аймақтарына шыққан.

Сол кезден «Джунд аль-Халифат» террористікұйымының қалыптасуына белсенді қатысқан.  Аталған террористік топ бірқатар мемлекеттерде орын алған лаңкестік актілеріне жауапты, оның ішінде 2011 жылғы қазанда Атырау қаласындағы жанкештілер жасаған 2 жарылысқа да қатысты. Зналиев аталған акцияларды бастаушылардың бірі болып табылады.

Зналиевке қылмыстарына қатысты тағылған айыптар бойынша кінәсі соттың қорытынды шешімімен анықталады.

Жалпы, қазіргі таңда «Джунд аль-Халифат» лаңкестік тобы толық бейтараптандырылған.

Оның басшысы Бельгия Мемлекетінің азаматы Моэз Гарсаллауи 2012 жылы Пәкістан аумағында пилотсыз ұшақ аппаратынан жасалған әуе соққысымен жойылған.    

Кейінен 2013 жылғы ақпанда террористік топтың өзге белсенді мүшесі ҚР азаматыОрынбасар Мунатов Пәкістанда құрықталған. Ол Қазақстанға қайтарылып, 20 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде.

Қазіргі кезде «Джунд аль-Халифат» тобының тағы бір мүшесі, ҚР азаматы «Х»-тііздестіру жалғасуда, ҰҚК-нің мәліметі бойынша аталған тұлға Сирияда жасырынып, террористік іс-әрекеттерге қатысуда.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *