Мәскеу. 23 наурыз. Ресей билігі «Иегова куәгерлері» діни ұйымын экстремизмге қатысы бар деген күдікпен қызметін уақытша тоқтатты. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, әділет министрлігі 16 наурызда Жоғарғы сотқа «Ресейдегі Иегова куәгерлерінің басқару орталығын» экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салу және ұйымды жою туралы талап-шағым түсірген.
«Иегова куәгерлері» орталығының мәлімдемесінде орталық қызметіне тыйым салу оның жақтастарын діни сенімі үшін, оның ішінде Інжілді бірге оқып, бірге құлшылық қылатыны үшін ғана қылмыстық қудалауға ұласуы мүмкін дейді.
Ресейдің барлық аудандарында «Иегова куәгерлері» орталығы әрдайым қадағалаушы органдардың назарына түсе береді.
Айта кетсек, ұйымның жергілікті бөлімшелері бұдан бұрын бір талай рет экстремисті әдебиетті таратқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған болатын. Бұлар: Тюменде, Абинскде, Самарада, Саранскде, Воронежде, Нижний Новгородта, Геленджикте және тағы басқалар.
Дереккөз: «Интерфакс«