Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мемлекет басшысы Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

Астана. 24 наурыз. Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Тереза Мэйге Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Баспасөз қызметі хабарлайды.

 Жеделхатта Ұлыбритания Парламенті маңындағы террорлық акт салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Бұл қастандық әрекетті бүкіл өркениетті әлемге қарсы бағытталған террорлық акт деп санаймыз. Біріккен Корольдіктің халқы мен үкіметіне, сондай-ақ зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, жеделхатта Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтыны, халықаралық қоғамдастықты зұлымдықпен күресу үшін күш жұмылдыруға шақыратыны жөнінде атап өтілген.

Дереккөз: Ақорда Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *