Латакия. 27 наурыз. Сирия жерінде соғыс ұрыстарына белсене қатысып жатқан Ахрар аль-Шам тобының содырлары Ресейге тиесілі тікұшақты атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы ConflictNews хабарлайды.
Сондай-ақ бұл жаңалықты Парсы шығанағынан және Таяу Шығыс елдеріндегі ахуал туралы ақпарат таратушы бірқатар БАҚ жария етті.
Ақпаратқа сәйкес, Латакиядағы Аль-Акрад тауының үстімен ұшқан екі тікұшақ лаңкестердің нысанасына іліккен. Жерден атқылау барысында тек олардың біреуі ғана құлап, екіншісі қашып кеткен.
Ұшқыш пен экипаждың тағдыры осы кезге дейін белгісіз.
Дереккз: Хабар 24 телеарнасы