Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әскерге шақырылған азаматтардың теріс діни ағымдарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

Астана. 30 наурыз. Қазақстанның Қарулы күштер қатарына алмас бұрын әскерге шақырылған азаматтардың дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысы бары тексеріледі. Бұл туралы Sputnik ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау жұмыстары департаментінің басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауда.

«Әскерге шақыру басталмас бұрын, ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерімен тығыз байланыста бастапқы зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар мен экстремистік ұйым мүшелері бойынша ҰҚК бізге көмектесіп отыр. Әскерге шақыру 26 наурызда басталғанымен, нақты жұмыс жаңа жылдан бері жүргізіліп келеді. Яғни, үш-төрт ай бойы тексеріп жатырмыз. Содан кейін бізде белгілі бір лауазымдар, жасақтар, шекаралық қызметтер, әуе қорғаныс күштері бар, бұларға да қосымша рұқсатнама керек, бұл міндетті түрде тексеріледі. ҰҚК мен шекаралық қызметке бұдан да мұқият іріктеу өткізіледі», — деді Дайыров орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жалпы айтқанда, биылғы әскерге шақырудың негізгі мақсаты – әскер жасындағы жастар арасынан психологиялық және физикалық тұрғыда мықты жасақтар құру.

Дереккөз: Sputnik

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *