Душабе. 31 наурыз. Тәжікстанның мәдениет министрлігі кітаптарды арнайы рұқсатсыз елге кіргізуге және елден шығаруға тыйым салды. Бұл туралы Тәжікстан мәдениет министрлігінің тарихи және мәдени мұраларды қорғау бөлімінің жетекшісі Шерали Ходжаев, Радио Озоди тілшісімен әңгімелесу кезінде хабарлады.Оның айтуынша, азаматтар елге кітап әкелу үшін мәдениет министрлігінен рұқсат алуы керек. Мұндай тәртіп барлық кітаптарға қолданылады. Кітаптың қандай тілде екені, қайдан әкелінетіні маңызды емес.
Соңғы уақытта тәжік кеден қызметкерлерінің парсы тіліндегі кітаптарды шекарада тәркілеп жатқаны туралы мәліметтер көбейді.
Тәжікістан Шекара қызметінің баспасөз қызметі таяуда Х.А. азаматының ұсталғаны туралы хабарлады, онда өзімен бірге 3 діни әдебиет тәркіленді, олар «Сочинения Канзилхусайн», «Толкование сна», «История шиизма в исмаилитской ветви», сондай-ақ Саади Шерозидің шығармасы «Бустан» («Цветник») . Айта кетсек, Саади «Бустане» шығармасында өзінің өмір туралы түсінігін білдірді, сонымен қоса, бақытсыз және көңілсіз жағдайда жүрген адамдарға көмек беретін, өмірлік тәжірибесімен, пікірмен және ой тұжырымдаларымен бөлісті.
Бұған дейін Тәжікстан ішкі істер министрлігі мен Дін істері жөніндегі комитеті елге әкелуге рұқсат етілмейтін кітаптардың тізімін дайындаған еді. Атап айтқанда, барлық діни және дуаға қатысты кітаптарға тыйым салынған.
Дереккөз: Радио Озоди