Багдад. 6 сәуір. Ирактың солтүстігіндегі Тикрит қаласында содырлардың шабуылынан 31 адам ажал құшып, тағы 40-тан астамы жараланған, хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қаскөйлер шаһарға полицейлердің көлігімен өтіп кеткен. Олар бақылау-өткізу бекеті мен полиция полковнигінің үйін шабуылдаған. Қарулы қақтығыс кезінде 3 экстремистің көзі жойылды.
Қастандық әрекетті ұйымдастырғандардың барлығы – «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері. Артынша Тикритте коменданттық сағат жарияланды. Өйткені шабуылға қатысқан 5 адам әлі табылған жоқ. Негізі осының алдында ғана қалада полицейлер екі лаңкестің көзін жойған болатын. Олар бақылау-өткізу бекетінде өздерін жарып жіберуді жоспарлаған.
Дереккөз: Хабар 24