Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасағандардың ішінде қазақстандықтар жоқ — СІМ

Астана. 6 сәуір. Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасады деген күдікпен ұсталған Орталық Азия елдерінің 6 азаматы қатарында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақпарат тексерілді. Ұсталғандардың қатарында қазақстандықтар жоқ», — деп атап өтті «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінде.

Бұның алдында хабарланғанындай, 5 сәуірде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер министрлігі мен Ресей гвардиясының арнайы қызметі жедел-іздестіру шарасы кезінде Ресейге жұмыс істеуге келген Орталық Азия мемлекеттерінің 6 азаматын құрықтады. Тергеу нұсқасы бойынша, олар 2015 жылдан бері террористік бағыттағы қылмыстар жасау мақсатында «Джебхат ан-Нусра» мен «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымдарына Орталық Азиядан шыққан азаматтарды Ресейге тартумен айналысқан.

Сонымен қатар, күдіктілер адамдарды өзге де мемлекеттерге қарулы қақтығыстарға жіберу мақсатында тартуы ықтимал. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларын тінту жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында экстремистік сипаттағы әдебиеттер табылды.

«Олардың барлық байланыстары мен контактілері тексерілетін болады. Қазіргі таңда ұсталғандардың Санкт-Петербургтегі терактіні жасаған азаматпен арадағы таныстығы болғаны туралы деректер жоқ», — делінген РФ-тің Тергеу комитетінің хабарламасында.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *