Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәсімов Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесу өткізді

Астана. 7 сәуір. Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы К.Қ. Мәсімов жұма күні, 7 сәуірде, Астана қаласына ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне қатысуға келген Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар терроризмге қарсы, трансұлттық қылмыстық қауымдастық және есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

ШЫҰ қатысушы елдер арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтудің кейбір аспектілері қарастырылды. ШЫҰ кеңістігінде терроризм, сепаратизм және экстремизмнің жолын кесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында бірлескен іс-шараларды нығайту келісілді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *