Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Республикалық жедел штаб «ЕХРО-2017» көрменің терроризмге қарсы қорғанысын талқылады

Астана. 7 сәуір. «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабының көшпелі отырысы жұма күні, 7 сәуірде, өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы  ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.

Көрменің терроризмге қарсы қорғанысының және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы қарастырылды.

Республикалық терроризмге қарсы жаттығудың қорытынды кезеңінің аясында арнайы операцияны өткізу, терроризм актісінің салдарын азайту және жою шараларының әрекет дағдылары пысықталды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың және «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ бірінші басшылары, Астана әкімі және ҚХР бақылаушылары қатысты.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы  ҰҚК Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *