Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ елдері деструктивтік идеологиялардың таралуын болдырмау үшін жаһандық деңгейде құжат әзірлеуді ұсынады

Алматы. 7 сәуір. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері интернет арқылы деструктивтік идеологиялардың таралуын болдырмау үшін  жаһандық деңгейде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді ұсынады, делінген ШЫҰ-ның 12-ші кездесуінің қорытындысы бойынша таратылған ақпараттық хабарда.

«Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ұйым кеңістігіндегі қауіпсіздік және тұрақтылық саласындағы жағдай туралы ақпаратпен алмасты. Мүше-мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, басқа да заманауи қауіп-қатарлерге қарсы тұрудағы тетіктерді жетілдіру мәселелерін талқыланды», — делінген Ұйым сайтында жарияланған хабарда.

Кездесуге қатысушылар ШЫҰ-ның құзыретті органдарының өзара-іс қимылдарына оң баға берді. Одан басқа қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Таяу Шығыстағы, Солтүстік Африкадағы, Ауғанстандағы және ШЫҰ маңындағы өңірлердегі ахуал туралы пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар интернет желі мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану деструктивтік идеологияларды таратудың негізгі арналарының бірі болып қалып отырғанына назар аударды.

«Оларды заңсыз пайдалануды болдырмау өзекті екендігі, сондай-ақ жаһандық деңгейде тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдау заман талабы екендігі атап көрсетілді», — делінген хабарда.

Еске салсақ, ШЫҰ елдерінің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларының кездесуі 5-6 сәуірде Астанада өтті.

Дереккөз: ҚазТАГ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *