Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 10 сәуір. Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қазақстан Мысырмен бірге елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте күш-жігер жұмылдыруға дайын», – делінген жеделхатта.

Айта кетсек, Пасха алдындағы жексенбі күні, 9 сәуірде, Мысырда бірнеше жарылыс болды. Танта қаласында лаңкестер хритиандық шіркеуге және полиция қызметкерлерін дайындау орталығына шабуыл жасады. Александрияда да олар шіркеуге шабуыл жасады, ал сосын тағы бір жарылғыш зат іске қосылды. Танта қаласында болған теракт әсерінен 30 адамдай зардап шекті, ал Александрияда, БАҚ ақпаратына сәйксе, 16 қаза тауып, 40 адам жараланды.

Дереккөз: Ақорда Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *