Мәскеу. 12 сәуір. Дағыстанда автокөлік ішінен полиция қызметкерлеріне оқ атқан үш лаңкестін көзі жойылды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің ақпараттандыру орталығының хабарына сәйкес, «бүгін (11 сәуірде) 21:25 сағат (мск) шамасында Дағыстанның Кумторкалинск ауданында орналасқан Тюбе елді мекенінің жанынан өтетін федералды тас жолында ФҚҚ және ІІМ қызметкерлері Chevrolet автокөлігін тексеруге тоқтатпақ болды».
Алайда, автокөлік ішінде отырғандар құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерінен автоматты қарудан оқ атты. Атыс нәтижесінде автокөлік өртке оранды, ал ішінде отырғандар өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алды, деп хабарлайды ҰТҚК өкілдері.
Қазіргі уақытта, атыс болған жерде қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыс істеуде. Арнайы іздестіру шаралары және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: ТАСС