Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремисттік мақалаларды әлеуметтік желіде таратқаны үшін 21-жастағы павлодарлық тұтқындалды

Павлодар. 17 сәуір. Павлодардың 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде экстремисттік бағыттағы мақалаларды жариялағаны үшін тұтқындалды, деп Tengrinews.kz тілшісі  Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілкті полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 2017 жылы 10 сәуірде Павлодар қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша басқарманың қызметкерлері арнайы қызмет сарбаздары және ҰҚК қызметкерлерінің көмегімен 1996 жылы туған Ж. есімді азаматты ұстады.

«Ұсталған азамат әлеуметтік желі және интернет-мессенджерлер арқылы терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған және сол мазмұндағы материалдарды сақтап таратқан. ІІД тергеу бөлімі сот алды тергеу ісін бастады. Сот шешімімен ұсталған азамат қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты, облыстың ішкі істер департаментінің тергеу бөлімшесімен сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *