Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығулары өтуде

Талдықорған. 18 сәуір. ҚазАқпарат — Алматы облысында терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы оқу-жаттығулар өтуде деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР «Терроризмге қарсы күрес» Заңының 12-ші бабы, 1-тармағы және 13-бабының 3-тармағын негізге ала отырып, 18 сәуірде сағат 08:30-да Алматы облыстық антитеррорлық операциялар штабы жұмысын бастады. Мұндағы мақсат жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террористерді қауіпсіздендіріп, олардың келтірген шығындарын мүмкіндігінше азайту.

Оқу-жаттығу кезінде мемлекеттік мекемелердің, тұрғындардың құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне, құжат тексеруіне түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше қолғабыс жасау қажеттілігі ескертілді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары халықтың қоғамдық орындарда, көліктерде иесіз жатқан заттарға (сөмке, қорап, орамалар, қаптар, шабадандар) әсіресе сымдар мен техникалық құрылғылар жалғанған бұйымдарға ерекше назар аударуын сұрайды. Мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарын назарға алып, байбаламға жол бермеу керектігі құлаққағыс етілді.

Дереккөз: «ҚазАқпарат» ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *