Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ және «Аль-Каида» бірікпекші

Алматы. 18 сәуір. Террорлық ұйымдар «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) мен «Аль-Каида» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) одақ құру туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады Ирактың вице-президенті Айяд Алави.

Reuters-тің хабарлауынша, ол осы ақпаратты дүйсенбі күні Ирактағы ақпаратқа қанық дерек көзінен алыпты. А.Алавидің айтуынша, Мосулдағы «Ислам мемлекеті» әскерлеріне Ирактың әскерлері таяп келуі себепті ИМ «Аль-Каидамен» одақ құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Осындай альянс құру мүмкіндігі туралы мәселені талқылау қазір басталды. Аль-Багдади өкілі (ИМ көшбасшысы Абу Бакр) мен аз-Завахири өкілі («Аль-Каида» басшысы Айман) арасында пікірталас жүруде», — деді елдің вице-президенті.

Reuters еске салғадай, «Ислам мемлекеті» 2014 жылы «Аль-Каида» ұйымынан бөлініп кеткелі бері осы екі топ содырлар мен қаржыландыруға қатысты «қырғын күрес» жүргізуде. Одан басқа, аз-Завахири, агенттік мәліметтерінше, ИМ-ді оның қатаң әдістері үшін, оның ішінде адам басын кесіп алу, суға тұншықтыру әдістері үшін қатаң сынға алған.

А.Алави пікірінше, егер ИМ мүшелері Иракта алып отырған аумақтан айрылатын болса, «олар жәйдан-жәй жоғалып кете қоймайды». Ондай болған жағдайда содырлар «құпия ұйымдарға айналып, өзінің уын бүкіл әлемге тарата бермек», деп есептейді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *