Мәскеу. 20 сәуір. Қылмыстық істі жүргізу барысында Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген күдікті Аброр Азимовтың Акрам есімді ағасы ұсталды.
ФҚҚ сарбаздары оны Мәскеуде қолға түсірді.
«Мәскеулік ТиНАО-да Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастырушылардың бірі деген күдікті Аброр Азимовтың 1988 жылы туған ағасы Акрам Азимов қолға түсті» — делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, Санкт-Петербург метросындағы жарылыс 3 сәуір күні жасалды. Қастандықтан 15 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жараланған еді.
Дереккөз: Хабар 24