Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде мешітті тонап, әйелдерді зорлаған сақалдылар ұсталды

Ақтөбе. 26 сәуір. Қылмыстық оқиға 2017 жылдың 11 сәуірінде болған. Олар Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы үйлердің бірінде күш қолдану арқылы екі қызды ұстаған.

1991 және 1996 жылы туылған қыздарды тонап, пәтерде зорлық көрсеткен.

Қыздардың  300 мың тенгеге бағаланатын заттарын тартып алып, өлтіреміз деп қорқытқан.

Осы жайтқа байланысты  Ақтөбе қалалық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қолға түскен 1980 және 1982 жылы туылған дәстүрлі емес теріс діни ағым өкілдері бұрын сотталған азаматтар. Олар дінді жамылып, есірткі қолданып, қылмыстық іс әрекетпен айналысқандар. Қазір олар қамауға алынды. 192-бап, 2-бөлім ( қарақшылық, қарумен тонау), 120 бабы 2 бөлігі (зорлау,  өлтіру қатерін төндірумен ұласқан) және 121 бабы 3 бөлігі (зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша іс қозғалды», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ақтөбелік полицейлер  дәстүрлі емес теріс 19 діни ағым өкілдерінің  25 қылмыстық істерге қатысы барын анықтаған.

Дереккөз: Ақтөбе News

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *