Лондон. 30 сәуір. Ұлыбритания полициясына Лондон дайындалып жатқан екі террористік әрекет туралы белгілі, деп хабарлайды Sunday Times полициядағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
«Біздің тиянақты қадағалап отырған, террористік әрекеттер жасаудың екі жобасы бар», — деп терроризмге қарсы бөлімнің жоғары шенді қызметкері хабарлады. Сонымен қоса, құқық қорғау органдары қастық ойлаушылардың әрбір қадамын қадағалап отырғанын атап өтті.
Мөлшерлеп айтқанда экстремистер «Ислам мемлекеті» және «Аль-Каида» (екеуіде Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымдардың көз қарасын ұстанады
Айта кетсек, 22 наурызда Лондон орталығында британ парламенті ғимараты маңында ер адам автокөлікпен адамдарды қағып, ғимарат жанындағы полицейге пышақ салған, нәтижесінде үш жаяу жүргінші мен полицей қаза тапты
Дереккөз: РИА Новости