Скопье. 3 мамыр. Македонияда парламент ғимаратында қолдан жасалған жарылғыш зат табылды, деп хабарлайды Лайф«Жаңа Македония» газетіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күзетші сағат 17:30 (21:30 Астана уақыты бойынша) шамасында күмәнді зат тапқан. Полиция өкілі жарылғыш заттың табылғанын растады және оның негізіне газды баллон кірген туралы хабарлады.
Бұл істі македония полициясының терроризмге қарсы бөлімі өз бақылауына алды.
Дереккөз: Лайф