Душанбе. 3 мамыр. Душанбе қаласының Исмоили Сомони аудандық соты Сирияда әскери соқтығысқа қатысқаны үшін айыпталған А.Аламуродов азаматына қатысты үкімін шығарды. Бұл туралы Avesta.Tj Тәжістанның Бас прокуратурасының Баспасөз қызметін слтеме жасап хабарлайды.
Аламуродов Ресей Федерациясында еңбек мигнрантында жүріп «Чанат ошиклари» (Жаннатқа ғашық) және «Жихадқа жол» атты экстремисті-террористік ұйымның қатарына кіреді.
Аталған террористік топтардың идеясына елікті бола тұра, 2016 жылдың сәуір айында Аламуродов Душанбе қаласынан Стамбулға ұшады, ал Туркия арқылы Сирия жеріне келеді. Ол сонда террористер қатарында үкімет әскери күшіне қарсы 2 айдай соғысады.
2016 жылдың қыркүйек айында Туркияға оралған кезде жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталып, тәжікістанға жіберіледі.
Исмоили Сомони аудандық соты А.Т.Аламуродова 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Дереккөз: Avesta.Tj