Эр-рияд. 3 мамыр. Сауд Арабия Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери идеологиялық орталығы экстремизм мен терроризмге қарсы күресуде жаңа жобаны іске қосты.
Аталмыш орталық жаңа жобасы арқылы алдағы уақытта әлеуметтік желіде экстремизм мен терроризм насихатын арнайы түрде бақылайтын болады.
Сонымен қатар, орталық ғаламторда ислам қағидасына қарама-қайшы келетін кез келген мәліметтерді дереу анықтап, жариялымнан алып тастайды. Бұған қоса орталық ғаламтор беттерін бірнеше шет тілдерінде бақылайтын болады және де Батыс елдеріне исламның шынайы келбетін түсіндіру үшін де жұмыстар атқарады.
Дереккөз: Kazislam