Тегеран. 8 мамыр. 2017 жылдың 20 наурызында бітетін иран күнтізбесінің 1395 жылында иран қауіпсіздік қызметі 30 террористік топты бейтараптандырды, деп хабарлады барлау министрі Махмуд Алави Tasnim News ақпараттық агенттігіне.
Сәуір сонында, Ислам Республикасының қауіпсіздік күштері Иран аумағында жасалмақ болған террористік әрекеттің алдын алғаны туралы Махмуд Алави атап өтті. Оның сөзіне сәйкес, иран күнтізбесінің 1395 соңғы жылы бойы, террористер Иранда 30 бомбыны жармақ болған.
Cоңғы 3 жылда Иран арнайы қызметі 15 «шахид белдемшесін» тауып, зиянсыздандырды.
Алави бұл жайттар туралы, Иранның оңтүстік-шығысында, Пәкістанмен шекералас жерде, орналасқан Мирджаве қаласында «Джаш аль-Адл» топ лаңкестерінің шабуылынан 9 шекара күзетшілерінің қайтыс болғаннан кейін айтты.
Ақпарат көзі: Iran.ru