БҰҰ. 12 мамыр. «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымы әскери қысым мен халықаралық қоғамдыстықтар санкцияларынан кейін қаражаттың қатты жетіспеу мәселесімен қақтығысты, ал оның лаңкестері Ирак және Сирияны тастап кетуде. Бұл туралы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстанның БҰ ұйымында тұрақты өкілі Қайрат Умаров хабарлады.
«ИМ-ге тұрақты түрде әскери қысым көрсетілуде, ал олар оған жауап ретінде шиеленіс аумағынан тыс жерлерде бірқатар қарсы шабуылдар жасады. ИМ қаражаты қысқарды, енді олар «дағдарыстық бюджет» жағдайында өмір сүруде», — деп айтты дипломат.
Сонымен қатар Қ. Умаров «Аль-Каида» филиалдары әлемнің бірқатар өңірлерінде террорлық әрекеттерін жалғастыруда деді.
«Жекелеген өңірлерде «Аль-Каида» ИМ топтарының шағын ұйымдарынан күшті болып қалып отыр. Сөйтіп ИМ күшеюі «Аль-Каиданың» стратегиялық позициясын әлсіреткен жоқ», — деді ол.
Оның айтуынша, қазір Сирия мен Иракқа барып, содырлар қатарында соғысып жүргендер азайғанымен, ол жерлерден елдеріне қайтып барған жасырын жасақтар қауіп төндіруде.
Қ. Умаровтың айтуынша, Ирак пен Сирияға баратын шетелдік содырлар азаюымен қатар, ИМ қаржыландыруына соқы беруге бағытталған қауіпсіздік кеңесінің енгізген санкциялары да өз нәтижелерін бере бастады.
«Ол әсіресе Ирак пен Сирия Араб Республикасынан заңсыз әкетілген антиквариат саудасына қатысты. Мүше-мемлекеттер ондай заттарды өз аумағында тәркілеп жатқанын хабарлай бастады», — деді ол.
Өз кезегінде БҰҰ жанындағы РФ өкілінің орынбасары Евгений Загайнов санкциялық шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы кездері террорлық қауіп «шынымен де жаһандық сипатқа ие болды»
«Халықаралық қауымдастықтың күш-жігеріне қарамай, қоғамда жаппай радикалдану көңіл-күйі артып келеді. ИМ, «Аль-Каида», «Ан-Нусра» (террорлық топ «Джебхат ан-Нусра») және басқа да террорлық топтардың эмисарлары әлемнің көптеген өңірлерінде содырларды үгіттеп өз қатарларына тартуда. Ол үшін олар интернетті, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануда. Олардың қармақтарына жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдері ілігуде», — деді ол.
РФ тұрақты өкілінің орынбасары айтқандай, осындай жағдайда «терроризм идеологиясымен күресте құқыққорғау және санкциялық тетіктерді күшейту керектігі артып отыр».
Дереккөз: ТАСС