Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шалқар ауданында діни ахуал тұрақты

Шалқар. 13 мамыр. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы 46 мың тұрғынның 600-ы жергілікті мешіттерте тұрақты намаз оқушылары болып табылады. Діни саласының жергілікті сарапшыларының ақпаратына сәйкес, жүзден аса адам дәстүрлі емес діни ағымды ұстанады. Соңғы жарты жыл ішінде аймақтағы имамдар, дін мамандары мен теологтардың араласуымен теріс ағымға ерген 18 адам райынан қайтқан. Бұл туралы бүгін округ әкімі Бауыржан Каниев пресс-конференция отырысында хабарлады.

Сонымен қатар, аудандағы маңызды мәселелердің бірі Шалқар теңізінің тартылуы болып отыр. Теңізді қайта қалпына келтіруге шамамен 5 миллиард теңге керек. Теңіздің тағдырын республикалық деңгейде шешу қажет етіледі және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауына алынған.

Қаниевтің айтуынша, жалпы алғанда Шалқар ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты. Өңірде жер игеру, мал шаруашылығы және кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына беру ісі де жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін 1 200 тұрғынды он соттық жер телімдерімен қамтамасыз ету жоспарға алынған.

Дереккөз: Рика

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *