Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанада дін саласының елордалық ақпараттық-түсіндірме тобы мүшелерінің І қабылдауы өтті

Астана. 21 мамыр. Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасы ақпараттық-түсіндірме тобы жұмысының жаңа форматын құрастырған болатын. Топ жұмысы жауапты көшбасшылық пен командалық жұмысқа бағытталған және де АТТ мүшелерін дамыту бағдарламасы бар. Ашық диалог алаңын құру секілді шараларды заманауи интерактивті форматта өткізу қарастырылған. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтардың мәселесін мемлекеттік «әлеуметтік лифтілер» аясында шешу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда ақпараттық-түсіндірме тобы өз жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Оның мүшелері құрамында көзге түскен сарапшылар да бар. Бүгінгі кездесуде 9 адамға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, жаңа форматтағы ақпараттық-түсіндірме тобы – бұл біртұтас қазақстандық қоғам идеясын дамытуға көңіл бөлген Қазақстан Республикасы елжанды азаматтарының қоғамдастығы, дейді белсенділер.

Ақпараттандыру жұмысына жұмылдырылған әр сарапшы аудиторияға идеологиялық тұрғыда әсер етіп, деструктивті діни ағымдардан қорғана білу иммунитетін қалыптастырады. Сол себепті АТТ-ға жаңа статустың берілуі тиімділігін арттыруға қажетті жағдай болып табылады, деп түсіндіреді ведомства мамандары.

Топ өкілдері дін саласындағы өзекті мәселелерді шешуде ғылыми тәсіл табу және де журналистер мен блогерлерге БАҚ-да дін тақырыбын кәсіби жариялау үшін консультациялық көмек көрсету бойынша сараптама кеңесі құрамына да енгізіледі.

Үздік нәтижелерімен ерекшеленген сарапшылар марапатталатын болады. Бұл ары қарай жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табуға ынталандырады. Белсенді қатысушыларды көтермелеу және жаңа мүшелерді тарту мақсатында біліктілікті арттыру семинарлары, психология бойынша шеберлік-сыныптары, сыни ойлау, көпшілік алдында сөз сөйлей білу қабілетін арттыру бойынша шаралар ұйымдастырылады. Көзге түскендер жұмысының тиімділігі рейтингі негізінде тоқсан сайын грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарма және «Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *