Кабул. 22 мамыр. Ауғанстан әскері содырларға қарсы арнайы операция жүргізіп, бір тәулік ішінде 71 лаңкесті мерт қылды.
Тағы 40-тан астамын жаралаған. Жеті бүлікші үкімет әскерінің қолына түсті. Бұл туралы жергілікті Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, «Синьхуа» агенттігі хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік жасағы лаңкестерден төнетін қатердің алдын алу үшін 12 әскери операция жүргізген. Оның барысында үкімет жасағы мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны немесе зардап шеккені туралы әзірге дерек жоқ.
Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы