Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бангкоктегі госпитальде жарылыс болды

Бангкок. 22 мамыр. Таиланд астанасы Бангкоктегі әскери госпитальде жарылыс болып, 24 адам жараланды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

 Жапа шеккендердің ешбіреуі ауыр жарақат алмаған. Бастапқыда газ атылған деп болжанған. Бірақ алдын ала тергеуден кейін полиция дәріханада пакетке жасырылған жарылғыш зат жарылғанын мәлімдеді. Салдарынан ғимарат түтінге оранып, адамдардың арасында дүрбелең туды. Дегенмен полиция науқастар мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшірудің қажеті жоқтығын айтады. Әзірге жарылысты қандай топтың ұйымдастырғаны белгісіз.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 2014 жылы болған әскери төңкеріс күніне тап келіп отыр. Айта кетейік, мамырдың тоғызы күні оңтүстіктегі Паттани қаласындағы сауда орталығында 2 жарылыс болып, 40 адам зардап шеккен еді.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *