Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда әскери базаға шабуыл жасалды

Кабул. 24 мамыр. Ауғанстанның Кандагар аймағында «Талибан» радикалды қозғалысы әскери базаға шабуыл жасап, 11 сарбаз қаза тапты. 9-ы жараланған.

Полицияның мәлімдеуінше, тәліптер ұрыс кезінде жарақат алған бақылау-тексеру бекетінің командирін өздерімен бірге алып кеткен. Бірақ жауынгерлерге көмек келіп, содырлар базаны басып ала алмаған.

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер Гельменд өңіріндегі Сангин уезінде де полиция бекетіне шабуыл жасап, 6 сақшыны мерт қылып, үшеуін жаралаған еді. Ол кезде де лаңкестер бақылау бекетінің басшысын байлап әкеткен. Соңғы уақытта тәліптер елдің ірі қалаларына шабуылдарын күшейтті. Өйткені негізінен ауылды жерлерде ықпалы басым радикалды қозғалыс қалаларды да бақылауына алуды көздейді.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *