Мәскеу, 24 мамыр. Ресей ФҚҚ терроризмге қарсы ірі ауқымды оқу-жаттығуы Крым жерінде 24-29 мамыр аралығында өтеді, бұған 2 мыңдай адам, бронетехника, авиация және флот тартылмақ. Бұл туралы РИА Новости ФҚҚ қоғамдық қарым-қатынас орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
ФҚҚ ргандарының арнайы құрылымдарының оқу-жаттығуы Крым жерінде 24-29 мамыр аралығында екі кезеңде өтеді.
Сонымен қоса, ведомтсва ақпаратына сәйкес, оқу-жаттығу кезінде ФҚҚ арнайы жасағы «Черноморнефтегаз» компаниясының теңіз нысандарында және Евпатории шипажайында әскери іс жүргізеді.
Дереккөз: РИА Новости