Алматы. 25 мамыр. Алматыда діни экстремизммен күрес мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті.
Оған дін қызметкерлері, атқарушы билік өкілдері және Тәжікстан мен Қырғызстаннан теологтар шақырылған. Өйткені теріс пиғылды жат ағымдармен күрес мәселесі бізде ғана емес Орталық Азия елдерінде де маңызды болып отыр. Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрес туралы Қазақстанда 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Қазір осы құжаттың негізінде еліміздің ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халықтың сауатын ашу арқылы, адасқандарды ортаға қайта бейімдеу және оның алдын алу үшін бірқатар аймақтарда арнайы оңалту орталықтары ашылған.
Берік Арын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі:
— Мұндағы мәселе қатты дінге берілген кейбір азаматтарымыздың радикалдануы болып отыр. Оған себеп басқа шетелдік идеологтардың ықпалына түсіп қалады. Сондай-ақ басқада жолдармен, интернет ресурстарының ықпалына түсіп қалады.
Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы