Астана. 29 мамыр. Түрмеде радикализациялау мәселесіне байланысты ұлттық форум Астана қаласында 30 мамыр күні өткізіледі, деп хабарлайды Penal Reform International in Central Asia (Международная Тюремная Реформа) баспасөз қызметі.
Аталған іс-шара PRI « Қазақстан түрмесінде қамауда отырған адамдарды радикализациялау және зорлық экстремизмге қарсы тұру» программасының шеңберінде өткізіледі. Программаның мақсаты сотталған адамдарды радикализациялауына қарсы тұру және зорлық экстремизммен күресу болып табылады.
Іс-шараға Ұлыбританиядан және Иорданиядан мамандар, түзету мекемесінің қызметкерлері, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамның, сондай-ақ ұлтаралық мекеменің өкілдері қатысады.
Іс-шараның салтанатты ашылуы Д.Қонаев к-сі 7, «Rixos President Astana» отелі мекен жайы бойынша 30 мамырда сағат 09.30-де өткізіледі.