Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Экстремизм мен терроризм ықпалына түскен тұлғалармен жұмыс»

Бурабай. 29 мамыр. Бурабайда 26 мамырында Самал қонақ үйінде «Экстремизм мен терроризм ықпалына түскен тұлғалармен жұмыс» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: құқықтық және дінтанушылық сауаттылықты арттыру, теріс пиғылды діни ағым өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісу.

Іс шараға Ақмола облысының құқық қорғау және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері, экстремизммен күрес бағыты бойынша бекітілген жедел уәкілдер қатысты.

Іс шараның модераторы ретінде Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы«Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-нің директоры Сатыбалдина Гүлнұр Қабиболлақызы сөз сөйледі.

Сарапшы ретінде Қарағанды қаласындағы «Нұрлы білім» ҚҰ төраға орынбасары, теолог Сыздықов Рүстем Мәлікұлы іс шараны жалғастырды. «Исламның исламизмнен түбегейлі ерекшеліктері» тақырыбын аша отырып, сарапшы теріс пиғылды діни ағымдардың идеологиялық негізіне, қателеріне кеңірек тоқталды. Семинар барысында теріс ағым өкілдерімен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісе отырып, оларды анықтау және сәйкестендіру әдістерін ұсынды.

Ақмола облысы Дін істері басқармасының бас маманы Бессмертная Галина Васильевна Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын түсіндіре отырып, «Діни қызмет аясындағы әкімшілік тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады. Маман құжаттарды рәсімдеуге байланысты іс жүргізу мәселелеріне аса көңіл бөлді.

Семинарға қатысушылар түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар арасындағы теріс ағым өкілдерін оңалту және райынан қайтаруға байланысты сұрақтар қойды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.


«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттының шеңберінде «Дін саласында ақпараттық жұмыстар жүргізу» проектісін іске асырамыз»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *