Астана. 31 мамыр. Астана қаласында 30 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Консультативті-кеңес органы аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды.
Мемлекеттік органдардың террорисік актілердің салдарын жоюға және оны барынша азайтуға әзірлік мәселелері талқыланды.
АТО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.
Дереккөз: ҰҚҚ Баспасөз қызметі