Кабул. 31 мамыр. «ДАИШ» террорлық ұйымы (көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасының орталығында дипломатиялық тұрғын үй орамына жақын жерде болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды.
Бұл туралы ливандық «Әл-Маядин» телеарнасы хабарлады.
«Ауған әскерлерінің сақтығы мен ерлігінің арқасында мина қойылған көлік «жасыл аймаққа» кіре алмады», — деді TOLOnews телеарнасында НАТО миссиясы. Атап өтсек, «жасыл аймақта» бірқатар елдердің дипломатиялық өкілдері орналасқан.
«Мұндай шабуылдар өз елі үшін бейбіт және тұрақты өмірге ұмтылған ауғандық әріптестер алдындағы біздің міндеттемемізді нығайта түседі», — деп санайды НАТО.
Дереккөз: Қазақпарат