Кабул. 31 мамыр. Бүгін Кабул орталығында болған жойқын жарылыстан Қазақстанның 2 азаматы жараланды.
Олар жарылыс орнынан 500 метр қашықтықтағы қонақүйде болған. Жараланған отандасымыздың бірі басынан, ал екіншісі аяғынан жараланған. Олар — 1982, 1991 жылы туған азаматтар. Қазір оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Қазақстандық дипломаттар отандастарымызбен тығыз байланыс орнатып, қажетті көмек беруде. Сонымен қатар жарылыс орталығынан 2 шақырым жерде орналасқан Кабулдағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына да зақым келген.
«Қазіргі кезде дипломаттар жапа шеккендердің арасында басқа қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауға кіріскен. Қала оқшауланды. Ауғанстан астанасындағы барлық отандастарымызды абай болуға, туғандары мен жақындарына жағдайы туралы хабарлап отыруға шақырамыз. Қажет болған жағдайда Ауғанстандағы Қазақстан елшілігімен байланысқа шығуларын сұраймыз», — дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлайды.
Аталған жағдайға байланысты Қазақстан елшілігінде «жедел» желі ашылды: +93-747- 250-343 (WhatsApp).
Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы