Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президентіне Кабул қаласындаға терактіге байланысты көңіл айтты

Астана. 1 маусым. Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі.

Жеделхатта Кабул қаласындағы террорлық акт салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Ауғанстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстан әрқашан дайын екенін атап өтемін», – делінген жеделхатта.

Дереккөз: Ақорда Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *