Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Австралиядағы қызды кепілдікке алу оқиғасы лаңкестік әрекет деп айыпталды

Мельбурн. 7 маусым. Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл Мельбурндағы қызды кепілдікке алу оқиғасын лаңкестік әрекет деп айыптады.

Айта кетейік, онда сомалилік Якуб Хаир есімді босқын жергілікті әйелді кепілдікке ұстап отырған. Оған дейін ол бір адамды мерт қылған еді. Оқиға орнына келген полиция қаскөйдің көзін жойды. Шабуыл барысында үш тәртіп сақшысы қатты жараланды. Кепілдегі адам жапа шеккен жоқ. Содырлардың Amaq атты ақпарат көзі бұл оқиғаны «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» қатысы бар деп жазды.

Грэм Эштон, Виктория штатының полиция комиссары:

– Бұл оқиғаны «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» жасағанын мәлімдеді. Соңғы уақытта мұндай жағдайлар жиі қайталанады. Алайда шабуылшы «Әл-Каиданың» да қатысы бар екенін айтады. Сондықтан біз мұны лаңкестік әрекет деп қарастырамыз.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *