Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизмге қарсы қойылым Маңғыстауда сахналанды

Маңғыстау. 7 маусым. Маңғыстау  облыстық Дін істері басқармасы діни экстремизммен күресті көп болып қолға алуды басты бағыт етіп ұстауда. Оған енді тек дін мамандары ғана емес, өнер саласын да тартуда.

Осыған орай, Дін істері басқармасы және Caspian Bridge ақпараттық-сараптамалық орталығының  ұйымдастыруымен қолға алынған «Ананың ақ сүті» атты драмалық туынды аймақтағы Қызан, Ақшымырау, Шебір  секілді  шалғай ауылдағы тұрғындар назарына ұсынылды.  Қойылымды «Ақжол – жастар қанатының» әуесқой әртістері сахналауда.

— «Қойылым бүгінгі жастар санасын улауды мақсат тұтқан діни жат ағымдарды әшкерелей отырып, қоғамды осы кеселдің қасіретінен сақтандыруға үндейді. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары жат ағымның жетегіне ерген жастардың желікккені сондай, көшеде қара киім кигендер қатары көбейіп кетті. Ең өкініштісі, қанды қырғынға жол беріліп, ондаған өрімдей жігіттер қаза тапты. — «Дін жолына түсем деп дәстүрлі емес ағымдарға кетіп жатқан жастардың саны көп. Қойылым – осы проблеманы емдеу жолында жасалған тиімді шаралардың бірі. Мұны тамашалаған жастар, ата-аналар бойында теріс ағымға қарсы иммунитет қалыптастырды деп ойлаймыз», —  дейді ұйымдастырушылар.

Дереккөз: Маңғыстау облысының ДІБ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *