Тегеран. 7 маусым. Иран барлау министрлігі Тегеранда тағы бір терактінің алдын алынғанын айтты, деп хабарлады ИРНА.
Министрліктің терроризммен күрес министрлігінің бас директоры парламент пен мавзолейге жасалған шабуылды лаңкестік деп таныды.
Сондай-ақ оның айтуынша, Тегеранда үшінші шабуылға әзірленіп жатқан лаңкестер тұтқындалған. Бұдан бұрын агенттік лаңкестік салдарынан зардап шеккен, ауруханаға жатқызылған 37 адам туралы хабарлаған. Олардың басым бөлігі атыс кезінде жарақат алғандар, екі адам ауруханада көз жұмды.
Еске салсақ, 7 маусымда төрт лаңкес ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни мавзолейінің ғимаратында атыс ұйымдастырды. Олардың бірі ғимарат ішінде жарылыс жасады. Тағы белгісіз үш адам парламентте оқ атып, оның салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды.
БАҚ деректеріне сәйкес лаңкес жанкешті белдігін іске қосқан.
ДАИШ лаңкестік тобы жауапкершілікті өз мойындарына алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат